«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V Заңы (2026.12.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Көппәтерлі тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін салу үшін жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып тартуға тыйым салынады. Осы Заңның талаптарын бұза отырып құрылыс үшін жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тарту жөнінде жүргізілген мәміле жарамсыз деп танылады.

Осы тармақтың ережелері тұрғын үй құрылысының проблемалы объектілерін аяқтау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартатын уәкілетті ұйымдардың қызметіне қолданылмайды.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы Заңның ережелері тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жасасу бөлігінде құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның контрагенттеріне, олармен көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестермен есеп айырысқан жағдайда қолданылады.

4. Осы Заңның күші:

1) мемлекеттік сатып алуларға;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) Бірыңғай операторды және уәкілетті ұйымдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакетіне тікелей немесе жанама түрде мемлекет иелік ететін заңды тұлғалардың тұрғын үй құрылысына немесе құрылыс ұйымдарына объектіні пайдалануға бергенге дейін құрылыс объектісіндегі пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды өткізу құқығынсыз инвестициялауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.

3) 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

2-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құзыретіне:

1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Бірыңғай операторды құру (айқындау) жатады.

3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанын əзірлейді жəне бекітеді;

3) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын əзірлейді жəне бекітеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-2) кепілдік шеңберінде реновациялау туралы шарттың үлгілік нысанын əзірлейді жəне бекітеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-3) уəкілетті компанияның реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй жəне (немесе) өтемақы төлемдерін беру тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

5) құрылысы аяқталмаған объектімен бірге жер учаскесін кепілге қою шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) реновациялау шеңберінде жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының үлгілік нысанын əзірлейді жəне бекітеді;

6) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кепіл шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

7) уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) cенімгерлік басқару шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

8) кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

9) капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

10) кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

11) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды; 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 11-2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-3) «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау үшін екінші деңгейдегі банктерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 11-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

11-4) кепілдік беру туралы шарт жəне реновациялау шеңберінде шарттар жасасу үшін көппəтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 11-5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

11-5) көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерді кепілге қоюды тіркеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында:

1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінің құрылысына қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

2) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттар береді;

3) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді;

4) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті органға үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпарат береді;

5) тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу объектілерінің құрылысы барысына мониторингті жүзеге асыру үшін құрылыс салушылардан, уәкілетті компаниялардан, инжинирингтік компаниялардан және Бірыңғай оператордан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратады;

6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

7) өздерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

8) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың қатысушыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізеді;

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

3-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

7-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері

1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу:

1) Бірыңғай оператордан кепілдік алу;

2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

3) көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілдерінің бірі арқылы ұйымдастырылады.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдерін өзгертуге жол беріледі.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Көппәтерлі тұрғын үйлердің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке, заңды тұлғалардың жəне (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сəйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын тартуға тыйым салынады.

 

8-бап. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін көппəтерлі тұрғын үйдің құрылыс салушысы мынадай:

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тәжірибесінің болуы;

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шамасы жиынтық активтердің он пайызынан кем болмайтын, өзінің аудиторлық қорытындымен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы екі қаржы жылында қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын активтерінің болуы;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қарыз қаражатының және меншікті капиталының арақатынасы арқылы есептелген коэффициент шамасы көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салудың оны пайдалануға қабылдағанға дейінгі бүкіл мерзімі ішінде жетіден аспауы талаптарына сай болуға міндетті.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылыс салушысы мынадай талаптарға сəйкес келуге:

1) республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр жəне өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде бес мың шаршы метр көппəтерлі тұрғын үйлер жəне (немесе) жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде екі жыл тəжірибесінің болуы;

2) шамасы жиынтық активтердің он пайызынан кем болмайтын, өзінің аудиторлық қорытындымен расталған қаржылық есептілігіне сəйкес соңғы екі қаржы жылында қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын активтерінің болуы;

3) қарыз қаражатының жəне меншікті капиталының арақатынасы арқылы есептелген коэффициент шамасы жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын салудың оны пайдалануға қабылдағанға дейінгі бүкіл мерзімі ішінде жетіден аспауы міндетті.

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының бір жобасынан көп емес қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бір жүз пайызын сатып алады.

Көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектісін көздеуі мүмкін.

Егер мұндай құрылыс көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасында көзделген болса, бірнеше жер учаскесінде құрылыс объектілерін салуға жол беріледі.

Құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу және пайдалануға қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны немесе өзі жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.

3. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияның:

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;

3) осы Заңның 20-бабына сәйкес жұмсау үшін жоспарланған ақшасы және (немесе) егер жер учаскесі меншік құқығымен тиесілі болса, жобалық құнының кемінде он пайызы көлемінде немесе егер жер учаскесі мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен тиесілі болса, жобалық құнының кемінде он бес пайызы көлемінде орындалған жұмыстар актілерімен расталған аяқталмаған құрылысы;

4) құжаттарды қарағаны үшін комиссияны, кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдік жарнаны төлеуге арналған ақшасы;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының мердігерлік шарты болуы міндетті.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 3-тармағында айқындалған мүлік қандай да бір ауыртпалықтардан, құқықтардан және үшінші тұлғалардың талаптарынан еркін болуға тиіс.

Құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания Бірыңғай операторға өтінім берілгенге дейін осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген аяқталмаған құрылыстағы құрылыс-монтаждау жұмыстарына толық көлемде ақы төлеуге және ол тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерімен расталуға тиіс.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Құрылыс салушы мен уәкілетті компания осы бапта белгіленген талаптарға сай болған кезде Бірыңғай оператор көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылыс жобасы бойынша құжаттарды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тексеруді жүргізеді және кепілдік беру туралы шарт жасасады.

6. Кепілдік беру туралы жасалған шарт үлескерлердің ақшасын тарту үшін негіз болып табылады және құрылыс салушының және уәкілетті компанияның үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алуын қажет етпейді.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Осы Заңның талаптарын орындау мақсатында құрылыс салушы жəне уəкілетті компания ақпараттық жүйелер арқылы Бірыңғай операторға аудиторлық қорытындымен расталған жылдық қаржылық есептілікті және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті кепілдік беру туралы шарттың қолданылуы ішінде ұсынады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8. Бірыңғай оператор Бірыңғай оператордың кепілдігін беру кезіндегі аяқталмаған құрылыс құны мен бағалау туралы есеппен расталған соңғы есепті күнге аяқталмаған құрылыс сомасы арасындағы айырмаға мөлшерлес кепілдік бойынша міндеттемелерді азайтуға жол береді.

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8-1-бап. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен үлестік қатысуды ұйымдастыру

1. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы мынадай талаптарға сəйкес келуге:

1) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылыс салу кезінде жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр жəне өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылыс салу кезінде кемінде бес мың шаршы метр болатын көппəтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде өткізуде жиынтығында кемінде екі жыл тəжірибесінің болуы;

2) шамасы жиынтық активтердің он пайызынан кем болмайтын, аудиторлық қорытындымен расталған өзінің қаржылық есептілігіне сəйкес соңғы екі қаржы жылында қысқамерзімді жəне ұзақмерзімді міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын активтерінің болуы;

3) қарыз қаражатының жəне меншікті капиталының арақатынасы арқылы есептелген коэффициент шамасы көппəтерлі тұрғын үй пайдалануға қабылданғанға дейін оның құрылысының бүкіл мерзімі ішінде жетіден аспауы міндетті.

2. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы уəкілетті компанияны құрады немесе көппəтерлі тұрғын үй құрылысының бір жобасынан аспайтын қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызын сатып алады.

Көппəтерлі тұрғын үй құрылысының жобасында бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектісі көзделуі мүмкін.

Егер құрылыс объектілерін бірнеше жер учаскесінде салу көппəтерлі тұрғын үй құрылысының жобасында көзделген болса, мұндай құрылысқа рұқсат етіледі.

Құрылыс салушы көппəтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу жəне пайдалануға қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындаған уəкілетті компанияны немесе жалғыз құрылтайшы (қатысушы) өзі болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.

3. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уəкілетті компанияда:

1) құрылыс салушы, уəкілетті компания жəне реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің барлық меншік иелері қол қойған реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың;

2) реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне берілетін тұрғынжай құнына баламалы, бірақ мəлімделген жобалау құнының отыз пайызынан кем болмайтын сомада осы Заңның 20-бабына сəйкес жұмсау үшін, сондай-ақ құрылыс мерзімін ұзарту ескеріле отырып, уəкілетті компанияның реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй жəне (немесе) өтемақы төлемдерін беру тəртібімен айқындалған мөлшерде реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй беруге жоспарланатын ақшасының;

3) құжаттарды қарағаны үшін комиссияны, реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдік жарнаны төлеуге арналған ақшасының болуы міндетті.

4. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына енгізілген көппəтерлі тұрғын үй жəне (немесе) жер учаскесі бар жеке тұрғын үй Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін реновациялау объектісі болуға тиіс.

Реновациялау объектісі қандай да бір ауыртпалықтардан, құқықтардан жəне үшінші тұлғалардың талаптарынан еркін болуға тиіс.

5. Реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы жасалған шарт осы Заңның 36-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, үлескерлердің ақшасын тартуға негіз болып табылады жəне құрылыс салушы мен уəкілетті компанияның жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алуын талап етпейді.

6. Реновациялау туралы шарт Бірыңғай оператор, құрылыс салушы жəне уəкілетті компания арасында жасалады. Реновациялау туралы шарттың қолданылу мерзімі осы Заңның 32-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сəйкес айқындалады жəне ол аяқталғанға дейін Бірыңғай оператор өзге де құрылыс салушылармен жəне уəкілетті компаниялармен реновациялау туралы шарт жасасуға құқылы емес.

7. Осы Заңның талаптарын орындау мақсатында құрылыс салушы жəне уəкілетті компания Бірыңғай оператордың цифрлық жүйесі арқылы Бірыңғай операторға аудиторлық қорытындымен расталған жылдық қаржылық есептілікті жəне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік туралы заңнамасына сəйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың қолданылуы ішінде ұсынады.

8. Құрылыс салушы жəне уəкілетті компания Бірыңғай оператордың кепілдігін кейіннен ала отырып, реновациялау туралы шарт жасасу мақсатында реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша өтінім береді.